Жыл келісімі

Соңғы 4 жыл ішінде Сыр елі сырт елдермен іскерлік байланыс орнатып, интеграциялық саясатты ұтымды жүзеге асыруда. Алыс-жақын шет мемлекеттермен қарым-қатынас облыс беделін үстем етіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалына да оң әсерін тигізуде. Аймақ басшысы Иран Ислам республикасымен экономикалық және инвестициялық байланыс орнатты. Екі ел арасындағы сауда-саттық, экономикалық қатынасты дамытуға мүмкіндік мол. Өйткені Қазақстан, Түркменстан және Иран елімен бірігіп салған «Жаңаөзен - Қызылқия - Берекет - Этрек - Горган» темір жолының септігі тимек. Иран Ислам Республикасына «Торем Хошеми» сортынан 60 тонна күріш экспорттау жоспарлануда. 2020 жылғақарайирандықкүрішалқаптарын 5 мыңгектарғадейінұлғайтып, экспорт көлемін 8 мыңтоннағажеткізу межеленген. Осы тектес бірлескен шара жүгері егіп, өңдеуге қатысты да жүргізілетін болады. Төрт түлікке қатысты да келісім бар. «Фарагир Инчеборон» ирандық компаниясымен мал экспорттау бойынша іскерлік байланыс орнатылып, тамыз айында «Күшімбаев Агро» кооперативі Иранға мал басының алғашқы партиясын жіберген болатын.  Ал өндіріс, өңдеу бойынша өңірімізде ирандық әріптестермен ет комбинатын және жеміс-жидектерді сақтау, жеткізу мақсатында сауда-логистикалық орталық салу көзделуде.
28 желтоқсан 2017 ж. 723 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031