"Өзімізді кез келген агрессия алдында қорғаймыз" Иран мәлімдеме жасады
Иран соғысуға мүдделі емес екенін, ал АҚШ базаларына зымыран соққысын өзін өзі қорғау мақсатында жасағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
⠀
Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф хабарлады.
⠀
"Иран БҰҰ-ның 51-жарғысына байланысты өзін-өзі қорғау мақсатында біздің азаматтарымыз бен жоғары лауазымды адамдарға қарсы қарулы шабуыл жасалғандықтан базаға соққы жасады. Біз соғыс ашуға мүдделі емеспіз, алайда өзімізді кез келген агрессия алдында қорғаймыз", - деді Зариф Twitter желісіндегі парақшасында.
⠀
Иран АҚШ базасына барлығы 15 баллистика зымыранымен соққы жасаған. Оның ішінде 11 зымыраны аймаққа тиген. АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығының мәліметінше, 10 зымыран Анбар провинциясындағы Эйн-аль-Асад базасына, біреуі Эрбилдегі базаға түскен.
⠀
АҚШ-тың әскери базаларына соққының екінші толқыны жасалғаны хабарланды.
⠀
Еске салайық, 2 қаңтарда АҚШ Бағдат әуежайы аймағына зымыранмен соққы жасаған, салдарынан он адам қаза тапқан болатын. Олардың ішінде Иран генералы Касем Сулемани, Ирак шейіт жасағы басшысының орынбасары Абу Махди әл-Мухандис және Ислам революциясы күзеті корпусының төрт офицері болған.
⠀
Иран генералдың өлімі үшін АҚШ-та кек алуға уәде берген. Ал Пентагон шабуылды АҚШ президенті Дональд Трамптың санкциялағанын айтты. Вашингтон қаза тапқан генералдың Бағдаттағы америкалық елшілікке жасалған шабуылға қатысы бар деп санайды.