Ашық есік күні

Акцияға арнайы қонақ ретінде Оқушылар үйі қамқоршылық кеңесінің төрайымы, білім саласының ардагері Назира Жаппарова, Nur Otan партиясы Тасбөгет бастауыш партия ұйымының төрайымы Жаннат Сәдуақасова және ата-аналар қатысты. Шараға қатысушылар өнер мектебіндегі «Қолөнер», «3D Модельдеу», «Жас қаламгер», «Жас пилот», «Жас математик», «Домбыра», «Ән-терме», «Қылқалам» және «Би» үйірмесінің жұмысымен танысты.
Айта кетейік, кенттегі Оқушылар мен жасөспірімдер үйі 2009 жылы пайдалануға берілген. Қазір мекемеде 500-ге тарта оқушы 6 бағыт бойынша 20-ға жуық үйірмеге қатысады. Өнер мектебінде кенттегі төрт мектептен бөлек қаламыздағы оннан астам мектептің оқушысы келіп, сабақ үйренеді. Мекемеде 30-ға жуық педагог балаларға қосымша білім беру бағдарламасы аясында жұмыс жасайды. Соңғы уақытта мекеме әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан және ювеналды полиция есебінде тұратын қиын балалармен жұмыс жасауға көңіл бөлуде.