» » Абунасыр Серіковтың әртіс ұлы екінші рет шаңырақ көтергені рас па?

Абунасыр Серіковтың әртіс ұлы екінші рет шаңырақ көтергені рас па?

  Елімізге белгілі әзілкеш, танымал актер Әбунасыр Серіков пен актриса Лиза Серікованың жанұясында өзгерістер болып жатыр. Өнердегі ерлі-зайыптылардың тұңғышы - театр және кино әртісі Әбілмансұр Серіков үйіне екінші мәрте келін түсірген сыңайлы. Актердің келіншегімен түскен суреті желіде пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
­
Ақ орамалды жас келін мен Әбілмансұрдың cуретін Instagram желісіне Сәкен Серіков есімді жайдарманшы жариялаған.
­
Ол өз жазбасында қуаныштан жүздері бал-бұл жанған жас жұбайларға бақыт тілеген.
­
Сондай-ақ, Әбунасыр Серіковтің Ханшайым есімді қызы да "су жаңа" жеңгесімен түскен суретімен өз парақшасында бөлісті.
­
Серіковтер жанұясына түскен жас келіннің аты-жөні Ақмарал Танабаева екені белгілі болды.
­
Айта кетерлігі, екінші рет шаңырақ көтерген Әбілмансұр Серіковтің бірінші некесінен екі ұлы бар.
­
Актердің алғашқы әйелі де өнерден алыс емес. Атұстарлардың анасы Фариза Ещанованың мамандығы театр және кино артисі екен. Сондай-ақ, ол вокалдан сабақ береді.
­
Қызығы, екі баланың әкесі Әбілмансұр қазіргі ғашығы Ақмаралмен Нұр-Сұлтан қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы театрда бірге қызмет етеді.
­
Театрдың желідегі парақшасына сүйенсек, олар театр репертуарындағы бірнеше қойылымда да бірге бой көрсетеді.
13 қаңтар 2020 ж. 4 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031