» » Педагогикалық идеялар фестивалі

Педагогикалық идеялар фестивалі

   Алматыда өткен «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауында қаладағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Мұхтар Бегайдаров І дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған жыл сайынғы педагогикалық байқауға биыл мектеп, колледж, мектепке дейінгі ұйымдар мен оқыту орталығынан үш жүзге жуық талантты мұғалім жиналды.
Қатысушылар кәсіби қызметтегі жетістіктерімен жұмыс нәтижесін таныстырды. «Мамандық палитрасы» секциясында тәжірибесімен бөліскен қызылордалық жас математик Мұхтар Бегайдаров мектеп оқушыларына және мұғалімдерге арналған авторлық жобасын, яғни математикалық сайтты таныстырды. «Nismath.org» деп аталатын онлайн-платформада оқу процесінде пайдалануға болатын түрлі ресурстар мен құралдар жинақталған. Бұл сайтта оқушылардың қосымша теориялық материалдар, сынақ емтихан жұмыстары, тест пен олимпиада беті арқылы өздігінен білім алуына мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, мұғалімдер үшін пәнді оқытудың сапасын арттыру бағытында түрлі тақырыптағы мақалалар, бейнесабақтар мен 600-ге жуық үштілді математикалық терминологиялық сөздіктер мен оқулықтардың электронды нұсқалары жүктелген. Веб-портал қолданушыларына қажетті қосымшалар да осы ақпараттық ортадан алуға болады.
«Мен сайтты әзірлеуді 2018 жылы бастадым. Біртіндеп жаңа функциялармен толықтырып отырдым. Оқушылар мен әріптестерім сайттың логотипі мен мобильді нұсқасын жасауға көмектесті. Бір айдың ішінде жүйе 23 000 белсенді қолданушыны тіркеді. Күн сайын мыңнан астам адам сайтты пайдаланады екен », – деді мұғалім.
Жобаны қорғаған сәтте, фестиваль қатысушылары аталмыш платформаның белсенді қолданушысы екені анықталды.
20 қаңтар 2020 ж. 449 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031