Менің әкем

"Әр қашанда биік көретін мен басқадан
Менің әкем, менің әкем – ең жақсы адам..."
Осы әнді менің әкем үйде ыңылдап жиі айтып жүреді. Сосын әкемнен:
– Әке, менің атам сіздің әкеңіз бе? – деп сұрадым.
– Иә, балам, – деді.
– Ол қандай адам болған?
– Өте жақсы адам, әкемнің көлеңкесінің өзі маған сая болатын, –деді.
– Оны сіз қатты жақсы көресіз бе?
– Әрине. Ал сен ше, әкеңді жақсы көресің бе? – деп күліп тұрып сол сұрақты өзіме қойды.
 – Иә, әке, мен де сізді жақсы көремін, – деп едім әкем мені құшақтап, маңдайымнан иіскеді.
Айтпақшы, әкемнің аты – Дәурен. Мен оны шынымен жақсы көремін. Ол – отбасымыздың тірегі. Үйде әкемнің айтқаны заң. Іні-қарындастарымның – бәріміздің – асқар тауымыз, қамқорымыз. Біз үшін күндіз-түні жұмыс істейді. Керегімізді алып береді.
Әкем бір күні менен "өскенде кім боласың?" деп сұрады. Мен "журналист болам" деп едім, "жоқ, сен журналист емес, батыр бол" деді. "Батыр деген кім? деп едім, "халықты ойлайтын адал, таза адам" деп жауап береді. Енді мен өскенде батыр болуды армандаймын. Әжеме, әкем мен анама, көршілеріме, туыстарыма, сыныптастарыма, апайларыма, Қазақстандағы барлық адамға көмектесемін, соларға қамқор боламын. Шіркін-ай, осы арманыма жетсем ғой, әкемді қатты қуантар едім. Өйткені мен – әкемнің үмітімін...
Сәрсенқұл Сейітжан,
3 сынып оқушысы
21 қаңтар 2020 ж. 546 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031