» » Бұрқасын, көктайғақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Бұрқасын, көктайғақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

   «Қазгидромет» РМК 27 қаңтар күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан соққан желдің күші түнде 23-28 м/с, күндіз 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні кей жерлерде 15-20, 25 м/с артады. Өскемен қаласында күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Семей қаласында күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде жекелеген аумақтарда 15-20 м/с артады. Ақтау қаласында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні - 15-18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын болжанады. Кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20, 23-28 м/с. Петропавл қаласында қар, бұрқасын, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінде жел соғады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын сақталады. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с.
Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с артады. Атырау қаласында көктайғақ, 15-18 м/с екпіндегі жел болжанады.
26 қаңтар 2020 ж. 240 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031