» » КӨШБАСШЫ БОЛУ ҮШІН

КӨШБАСШЫ БОЛУ ҮШІН

  Джон Максвеллдің «Көшбасшының 21 міндетті қасиеті» атты кітабында нағыз көшбасшы болуға лайық жандарда қандай қасиеттер болу керек екенін анық айтып өткен болатын, соның ішінде:
Ақылды адамдар естігендерінің жартысына сенеді, ал қырағы адамдар қай жартысына сену керек екенін біледі деген болатын міне бұл қасиеттер нағыз көшбасшыларға тән қасиет екені тағы дәлел.Сондай – ақ әрбір көшбасшы өзіне не керек екенін анық біледі.
Адамдарға үміт отын сыйлау. Француз генералы Наполеон Бонапарт көшбасшыларды былай сипаттаған «үмітпен жүретіндер» деп. Егер сіз қоршағандарды осы нұрмен бөлей алсаңыз, онда адамдарды магнит тәрізді тартасыздар.
Кез-келген шаруаны ойдағыдай асыратын болыңыз. Бастаған ісін соңына дейін апармайтын адам, құзыретті бола алмайды. Көшбасшы ретінде біз студенттерді істі аяғына дейін істейтінін күтеміз. Ал өз кезегінде олар бізден дәл осыны және бұдан да жоғарғы нәтижені күтеді.
Сізден күтілетін нәрседен көбірек істеңіз. Шынына келгенде, құзыретті адамдар күтілуге тиіс нәтижеден асып түсетін істер жасайды. Көшбасшылар өзінің жұмысын аяқтап, басқа қосымша жұмысты істеулері міндетті. Тіпті сирек емес, күнделікті.
Басқаларды жігерлендіріңіз. Көшбасшылар артынан ергендерді жігерлендіріп, оларға мотиватор болады.
Мәселені жақсы шешетін көшбасшылар мына 5 қасиетке ие болу керек:
Проблеманы көре білу. Проблемадан құтыла алмайтындығын білетін жақсы көшбасшы, оны күтіп және көре біледі. Алдағы жолымыз тегіс болады деушілер, ылғи да сәтсіздікпен қауышып отырады. Егер сіздің позитивті ұстанымыңыз жақсы болып және қиын жағдайға әр кез дайын бола алсаңыз, жолыңыздағы барлық тұрған барлық мәселені толықтай шеше аласыз.
Шындықты қабылдай алу. Адамдар проблеманы әр түрлі қабылдайды: біреуі одан бас тартады; біреуі оны қабылдап, шешімін іздеуге кіріседі; үшіншісі оны қабылдап қана қоймай, оны жақсы жаққа өзгерте бастайды. Тиімді көшбасшы проблеманы қарсы алуға әрқашан дайын.
Толық суретін көре алады. Көшбасшылар проблеманың толық суретін көре біледі. Эмоция оларды орап, састыра алмайды.
Олар ретімен істейді. Ричард Слома мына кеңесті береді: «Ешқашан проблемалардын барлығына кіріспеңіздер, оларды тізіп, ретімен шешіңіздер». Егер алдарыңызда проблемалар көптеп тұрса, онда алдыңғысын шешкендігіңізге куә болыңыз.
Құлау шегінде тұрса да, басты мақсаттан шегінбейді. Көшбасшылар басты шешімді қиын жағдайда емес, шарықтау кезінде қабылдайды.
01 ақпан 2020 ж. 1 613 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031