» » Достық күнделігі

Достық күнделігі

Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар дос бола алады. Ал оның сақтаушысы – адалдық пен шынайылық.

Дос – сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың. Ол бәрін түсінеді, бәрін біледі. Сондықтан кез келген істі оған міндеттей аласың немесе оның саған сеніп тапсырған ісін өзіңнің қара басыңның қамындай атқарасың. Дос – сенің жүз пайыз сеніміңдегі адам. Қалай айтсаң да жарасады. Бума-бума ақшаң болғанмен, бақытыңды бөлісер бір досың болмаса, тірлігіңнің мазмұнды болуы қиын. «Ақылы көпті дау алмас, досы көпті жау алмас» деп қазақ халқы бекер айтпаса керек.
Дос – адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсаты, ең бастысы, өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Адам баласынан досының қандай болғанын қалайтынын сұрасаң, талап-тілектерін тізіп сала береді. Алайда дәл осы талаптарға өзі жауап бере ме? Дәл өзі ондай мінсіз, адал досқа лайық па? Өкініштісі сол, оны ойлай бермейді. Досыңа талап қоярдан бұрын, ең алдымен, өзіңнің қандай дос бола алатыныңды ойлау керек. Досқа қояр талаптарды алдымен өзіне қоя білген адам өзі де біреуге шынайы дос бола алмақ. Адамдардың арасындағы қарым-қатынастың іргетасы – адалдық. Өзің адал болмай, өзгеден адалдықты күту – бекершілік. Достықта да адалдық болмаса, ол мәңгілікке ұласа алмайды. Адамның күні адаммен болғандықтан, кіммен де болсын қарым-қатынасқа бей-жай қарауға болмайды. Мұнда да зор жауапкершілік қажет. Досына қарап адамды танитынын ескерсек, адам өзі қандай болса, дәл сондай адамға ұшырасады, дәл өзіндей адамды жақын тартады. Сондықтан нағыз дос іздесеңіз, өзіңізді өзіңіз кемелдендіруге тырысып, ұдайы рухани өсу үстінде болып, өзгенің сізге емес, сіздің өзгеге нағыз дос бола білуіңізді ойлау қажет.
 
Мәлика ТҰРҒАНТАЙ,
                                                                                 №140 орта мектептің
11 сынып оқушысы
26 сәуір 2019 ж. 1 853 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031