» » Жастардың ынтасы артып келеді

Жастардың ынтасы артып келеді

   Мемлекеттік қызметшіге артылар міндет көп. Облыста 3500-ден астам мемлекеттік қызметші болса, олардың 1600-ден көбі әйел. Басшы лауазымда 321 қыз-келіншек жұмыс істеуде. Жастардың қатары да күн сайын артып келеді.  Олар бұл саланың 15,2 процентін құрайды. Осы және өзге де ақпараттар өңірлік коммуникациялар қызметінде болған брифинг барысында айтылды.
Өз қызметіне салғырт қарайтындар да жоқ емес. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Нұрман Талқанбаев өткен жылы атқарған жұмыстар жайында жасаған баянда­масында 12 мемлекеттік қызметші түрлі себептермен жұмыстан боса­тылғанын мәлімдеді. Оның 5-уі сыбайлас құқықбұзушылық жасаса, 4-уі себепсіз бірнеше сағат бойы жұмыста болмаған, бір адам өз қызметіне кір келтіретін теріс қылық көрсеткен. Ал 2 қызметкер басқа да себептермен жұмыстан шығарылған.
Бүгінде мемлекеттік қызметтің көбі электронды түрде жүзеге асады. Айталық, 291 қызметтің 252-сі, яғни 86,6 проценті автоматтандырылған,  көпшілікке қолжетімді. Жалпы, жер­гілікті атқарушы органдар арқылы 2 403 978 қызмет көрсетілген. Тек­серу қорытындысына қарасақ, 32 мыңнан астам заңбұзушылық анықталған.
Брифинг барысында департамент басшысы мынадай қызық дерекпен бөлісті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бәсекеге қабілетті, білімді де білікті жастарды қолдауға бағытталған «Президенттік жастар кадр резерві» жобасына республика бойынша 13212 азамат өтініш беріп, оның 7312-сі іріктеу кезеңіне жіберілген. Ұлттық комис­сия үздік деп танылған 300 азаматты резервке қабылдады. Оның қатарында облысымыздың 11 тумасы да бар. Үміткерлер саны бойынша облыстар арасында 11-ші орында болсақ, мемлекеттік тіркеу нөміріміз де 11 саны екен. Алдыңғы орында Алматы, соңғы орында Атырау өңірі тұр.
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.
01 ақпан 2020 ж. 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031