» » Менімен бірге арманда!

Менімен бірге арманда!

    Бала біздің – болашағымыз. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ.  Еліміздің ертеңі балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Оқушыларымызды білікті де білімді, алдына мақсат қоя алатын,сол мақсатқа жете алатын тұлға ретінде қалыптастыру үшін Жас Ұлан ұйымы біраз шаралар атқаруда. Ағымдағы жылдың  қаңтар айының 29 жұлдызында еріктілер жылы аясында «Менімен бірге арманда» акциясы өткізілді. Акция барысында ерекше қабілеттегі оқушыларымыз елімізге танымал, көңілді тапқырлар алаңында өзіндік, ерекше орны бар, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған 2011 жылғы финалда жеңімпаз болған «АРАЛ-АС» квн командасымен кездесті.«АРАЛ- АС»квн команда мүшелері  белсенді өмірге қалай келгендігі жөнінде, балаларға білім,ізденіс керектігі,әрдайым мақсат қойып, арман етіп,сол арманға жету үшін күш-жігер жұмсау керектігі жөнінде ашық әңгіме жүргізді. Жас Ұлан ұйымының белсенді мүшелері де қалыс қалмай өз өнерлерімен келген қонақтарды тамсандырды. Балаларға ерекше қуаныш сыйлаған бұл кездесу әрдайым есте қаларлықтай болды. Акция соңында оқушыларымыз Арал-ас квн командасымен естелік суретке түсті.
04 ақпан 2020 ж. 712 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728