Жарқын болашақ жаңа жұлдызды медиамен!
«Жас ұлан» орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың қараша айының алтыншы жұлдызында әдебиетті сүйіп, тіл тазалығын сақтауға белсене араласатын, журналистика саласына жақын, журналистика бағытын жасөспірімдер мен жастар арасында дамыта отырып, бірлесе жұмыс жасау, заман ағымына қарай ақпарат таратудың жаңа мүмкіндіктерін пайдалану, оқушылардың көпшілік алдында сөйлеуге, тіл тазалығына, көшбасшы болуға талпындыру, жазба әдебиетке жақын оқушылардың ортасын қалыптастыру мақсатында «Медиа жұлдыз»жобасы өткізілді. Жобаға қала мектептерінен 58 жасұландықтар қатыстырылды.Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын. Бәсекеге қабілетті, жаhандық экономикаға кіріге алатын, үш тілді де еркін білетін жасұландықтарымыз жобада қазақ тіліндегі ғана емес сонымен қатар ағылшын тілінде де шығармалар оқып,көрермен көзайымына айналды. Жоба барысында өз шығармашылығынан туындаған ең үздік өлең жырларын,шығармаларын сонымен қатар әлеуметтік жобаларын көпшілікке ұсынды.Шара соңында жүзден жүйрік,топтан оза шыққан «Медиа жұлдыз»жобасына белсене қатысқан оқушылар жас ұлан ұйымы орталығының алғыс хаттарымен және сыйлықтарымен марапатталды.