» » Ана мен бала құқығын қорғау мәселелері

Ана мен бала құқығын қорғау мәселелері

 
Қазақ елі әр-қашан да отбасы мәселесін жоғары қойған, оның қоғамдағы рольінің, ұлт мәдениетінің жәнесанасының дамуына  қосатын үлесінің зор екендігін назарына ұстаған. Отан-отбасынан басталады.
Сондықтан, мемлекет тарапынан отбасын қорғау, бала құқығын қорғау Қазақсан Республикасының Конституциясыменжәне заңдарымен жүзегі асырылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында. Отбасы қатынастары, неке қатынастары қоғамның әлеуметтік институттарының маңызды бөлігі болып табылады. Отбасы құқығын қорғаудың бір жолы -ол сот арқылы қорғау.
Соттардың қарауына түсетін неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы қатынастарына байланысты даулар төмендегі талаптар бойынша бөлінеді:
-бала асырып алу, бала асырап алуды бұзу, немесе жарамсыз деп тану;
-баланың тұрғылықты жерін анықтау, ата-ана құқығынан айыру, шектеу, оларды қалпына келтіру, баланы алу;
-әкелікті анықтау, әке (ана) болуды; әке екенін тану фактісінанықтау;
-балаға, зайыбына алимент өндіру, олардың мөлшерін азайту;
-неке бұзу;
-некені жарамсыз деп табу;
-ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы.
Бұл санаттағы істердің жекелеген түрлері  негізінен соттылығы бойынша кәмелетке толмағадардың ісі жөніндегі мамандандырылған соттарда қаралады. Республикада кәмелетке толмағадардың ісі жөніндегі мамандандырылған соттардың құрылуының өзі мемлекет тарпынан бала құқығына, отбасы құқығына аса назар аударатынын белгісі. Себебі кей мемлекеттерде осындай соттар кұрылмаған.
Некені бұзу туралы азаматтық істердің статистикалық мәліметтеріне қарағанда қазіргі уақытта тіркелген  әрбір үшініші неке бұзылады. Бұл даулардың  әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, соттар олардың қаралу ерекшеліктеріне жете назар аудару қажеттілігін туындатады. Неке бұзу туралы азаматтық істерді қарау барысында судьялар    Қазақстан Республикасы «Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін негізге алады,  оның талабы бойынша, егер ерлi-зайыптылардың некенi бұзуға өзара келiсiмi болған кезде, бiр-бiрiне мүлiктiк және өзге де талаптары болмаған кезде сот себептерiн анықтамастан некенi бұзуы мүмкiн екендігі көзделген. ҚР «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы»  Кодексінде  некені тіркеуші органдарда және сот тәртібімен бұзу жағдайлары көздеген.             Алайда, екі жағдайда да неке бұзу процедурасы ерлі-зайыптылардың АХАТ органдарынан неке бұзу туралы куәлігінің алуымен аяқталады. Некені бұзудың себептерін әлеуметтік зертеулер бойынша шарты үш негізгі сыныптарға бөлуге болады:
  1. Әлеуметтік-экономикалық;
  2. Моралды-психологиялық;
  3. Биолого-физиологиялық.
Бірінші түрдегі себептерге тұрмыстық проблемалар жатқызылады, ол- тұрғын үй-жай мұқтаждығы, материалды-қаржылық проблемалар, жұмыссыздық.
Екінші түрдегі некені бұзудың себептерінің қатарына-алкоголизм, нашақорлық, мінездерінің және қызығушылық мүдделерінің сәйкес келмеуі, үшінші тұлғалардың ара түсуі (ата-аналары, жақын туыстары т.б.), ұрып-соғып, қол жұмсау, дөрекілік таныту, қызғаншақтық, бала тәрбисіне байланысты түсініспеушіліктер, екінші азаматтық некенде болуы, бір-біріне  махаббат, сыйластық  сезімінің жоғалуы, құмар ойындарына әуестігі.
Үшінші категориядағы себептер- бедеулік, физиологиялық сәйкессіздік, түрлі ауруларға шалдығуы, артық салмақ т.б. құрайды. Осы үш категориялар бойынша жиі кездесіп, некені бұзуға соқтыратын әрине ол  моралды-психологиялық себептер болып табылады.    
Қолданыстағы заң нормалары бойынша неке оны бұзу туралы  сотқа өтiнiш берілген күннен бастап бiр ай өткен соң ғана бұзылуға жатады.Қажет болған жағдайда ерл-зайыптыларға татуласу үшін мерзім беріледі. Заңның бұл талаптары біздің мемлекет тарынаннекені сақтап қалудың бір шаралары болып табылады. Мүмкіндігінше ерлі-зайыпталарды татуластыру.  Сонымен қататар, Жоғарыда аталған  Кодексінің 16 бабына сәйкес некенi зайыбының жүктiлiгi кезеңiнде және бала туғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде оның келiсiмiнсiз бұзуға болмайды.
         Некені сот тәртібімен бұзу туралы талаптарың бірінші ерекшелігі ол-талап арыздың ескiру мерзімдеріне қатысты. Талап арыздың ескiруi неке-отбасы қатынастарынан туындайтын талаптарға қолданылмайды, бұзылған құқықты қорғау мерзiмі тек заңда белгiленген жағдайларда қолданылады. Мысалы, «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы»  Кодексінің 37 бабында некесi бұзылған ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы ерлi-зайыптылардың талаптарына неке бұзылған кезден бастап талап-арыз ескiруiнiң үш жылдық мерзiмi қолданылатындығы бекітілген. Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы  Кодексінің 34 бабы бойынша ортақ мүлікке ерлi-зайыптылардың бiреуi жылжымайтын мүлiкке иелiкке қатысты мәмiле жасап ол  екiншi келiсiмi алынбаған жұбай осы мәмiленiң жасалғандығы туралы өзi бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап үш жыл iшiнде мәмiленi сот тәртiбiмен жарамсыз деп тануды талап ете алады.
          Қазақтан Республикасының заңнамаларының талабы бойынша неке бұзу істері бойынша сот міндетті түрде ортақ балалардың тағдырын шешуі қажет, яғни баланың қай ата-анамен бірге тұратынын, талап қойылған жағдайда  оларға төленетін алиментке қатысты мәселелерді шешеді. Ерлi-зайыптылар кәмелетке толмаған балалары өздерiнiң қайсысымен тұратындығы туралы, алимент төлеу тәртiбi, мөлшерi туралы және  ортақ мүлкiн бөлу туралы өзара келiсiмдi соттың қарауына ұсына алады.         
          Алименттік қатынастарды ретейтін заң нормалары баланың құқығын, ерлі- зайыптылардың, ата-ананың құқығын қорғауға бағытталған.
 Алиментті  екiншi жұбайдан өндіру барысында «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы»  Кодексінде көзделген жағдайларың болуы тиіс, ол:
   1.  еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайы;
      2. жүктiлiгi кезеңiнде және ортақ баласы үш жасқа толғанға дейiн;
      3. көмекке мұқтаж ортақ мүгедек баланы он сегiз жасқа толғанға дейiн бағып-күтудi жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегiз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектiк белгiленген жағдайда;
      4. неке бұзылғанға дейiн еңбекке жарамсыз болып қалған көмекке мұқтаж.
       Бұл жерде ең басты назар аударатын жағдай ол,  алимент  алатын жұбайы алиментке мұқтаж болы тиіс, оның айлық табысы болмай, еңбекке жарамсыз болып, өзін-өзі асырауға жағадайы болмаған кездерде өндіріледі. Ал, егер алиментбойынша борышкер жаңа некеге тұрса ол уақытта алимент өндірілуге жатпайды.
       Сонымен қатар неке қатынастарын реттейтің заң нормасы бойынша екінші жұбайның өзіне алимент өндіруге құқық бермейтін жағдайдар көзделген. Мысалы:  егер алиментке мұқтаж жұбайдың еңбекке жарамсыздығы оның спирттiк iшiмдiк, есiрткi қабылдау немесе басқа да әкеттерінің салдарынан немесе оның қасақана қылмыс жасауы салдарынан басталса, ерлi-зайыптылар некеде ұзақ тұрмаса, алимент төлеудi талап ететiн жұбай отбасында лайықсыз мiнез-құлық көрсеткен жағдайларда шектеуi мүмкiн.
Некеден ажырату туралы даулары бойынша медиация институтын   қолданудаерлі–зайыптыларды татуластыруға психо-аналитик мамандары, егер жас отбасы болса олардың ата-аналары және басқа да қажетті тұлғалар тартылса неке бұзу көрсеткіші күрт төмендер еді.Ал отбасына байланысты басқа даулар  (бала дауы, мүлік дауы, алимен өндіру туралы даулар ) осы некені бұзу даулардан кейін туындайдын даулар болғандықтан, олардың да саны тиісінше төмендер еді.
Қызылорда қалалық сотының
                                                                               судьясы А.Карбозова
28 тамыз 2019 ж. 358 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031