Бейтаныс жігітке сүйеніп тұрған Садуақасова желіні шулатты

Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасына белгісіз азаматпен тұрған суретін салып, елдің қызығушылығын тудырды.
Қызу талқы тудырған фотоға қарап, олардың музыкалық студияда тұрғанын көруге болады. Оған қоса, өнер иесі алдағы уақытта жанында тұрған азаматпен дуэт болатынын да жазып қойған.
Желі қолданушылары бейтаныс жігіттің кім екенін білу мақсатында, суреттің астына өз болжамдарын жарыса жазды.
Олардың көпшілігі жұмбақ адамды Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Жігер Ауыпбаев және Ринат Байсейітов деп ойлап қалған.