Жастар мәслихатына сенім зор


Жастар ресурстық орталығының директоры Бауыржан Мәстеков «Біздің мақсатымыз – Жастар мәслихатын құру арқылы жастар арасындағы өзекті мәселелер мен олардың ұсыныстарын талқылап, оның шешу механизмдерін табу, депутаттық сауал арқылы жастардың мәселелерін тиісті мекемелерге жеткізу. Сайланған жастардың арасынан шыққан үздік жастарды болашақ кадр ретінде тәрбиелеу», – дейді орталық директоры.

«Сіздер келіп отырған Мәншүк Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінен 7 кандидат депутаттыққа түсіп отыр. Соның ішінен көп дауыс жинаған 1 ғана үміткер осы оқу орының атынан қалалық жастар мәслихатының депутаты болып сайланады. Қазіргі таңда қаладағы 21 оқу орнында бір мезгілде кандидаттарға дауыс беру өтіп жатыр. Осы 21 оқу орнынан қалалық жастар мәслихатының 21 депутаты сайланады. Сондай-ақ, мәслихатқа білім, спорт, мәдениет секілді 6 саладан 6 депутат сайланатын болады. Осылайша қалалық жастар мәслихатының құрамы жасақталады. Содан соң, мәслихаттың бірінші сессиясы өтіп, онда хатшысы мен комиссия төрағаларын сайлайтын боламыз. Ал, келесі жылы облыстық жастар мәслихатын құруға дайындалып жатырмыз. Бүгін сайланған депутаттардың арасынан үздіктерді, аудандардың көшбасшы өкілдерін сол облыстық мәслихатқа ұсынатын боламыз», – дейді Б. Мәстеков.




Гүлбану МАҚАЖАН
Суретті түсірген: Н.Нұржаубайтті