» » Депутаттар арасындағы жаңа тұлғалар

Депутаттар арасындағы жаңа тұлғалар

  Өңірлік коммуникациялар қызметінде «2018 жылғы 25  наурыздағы облыс аумағындағы мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына өткізілгенсайлаудың қорытындысы жайлы» баспасөз мәслихаты өтті. Онда облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қожамжар Наурызбаев хабарлама жасады.                                  
 Комиссия мүшесінің айтуынша, сайлау облыстың Арал, Сырдария, Шиелі  аудандарында және Қызылорда қаласында  өткізілген. Саяси шараға тізімге енген сайлаушылардың 76,2 пайызы белсенділік танытты. Онда төрт сайлау округі бойынша барлығы 12 үміткер дауысқа түскен.               Сайлау қорытындысы бойынша №11 «Мақатаев» сайлау округінен Талғат Қанатов,  №8  «Шіркейліден» Сейіткамал Сұлтанов, №2 «Жөлек» сайлау округі бойынша Мұханбетжан Салқынбаев және №5 «әл-Фараби» сайлау округінен Мұса Әбдуқалықов депутат болып сайланды.                 – Мәслихат депутаттарын сайлауда облыс бойынша 51 байқаушы қатысты. Олардың ішінде саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден, ақпарат құралдарынан және депутаттыққа кандидаттардың сенім білдірген өкілдері бар. Дауыс  беру кезінде және оны санау кезінде ешқандай арыз-шағым түскен жоқ, – дейді сайлау комиссиясының мүшесі.
31 наурыз 2018 ж. 904 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031