» » Сайлау қорытындысы жарияланды

Сайлау қорытындысы жарияланды

БРИФИНГ
  Орталық сайлау комиссиясы республика бойынша шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына қайта сайлау өткізді. Нәтижесінде 68 депутат сайланып, оның ішінде 10 облыстық, 17 қалалық және 41 аудандық мәслихат депутаты бар. Сайлау науқаны барысында депутаттыққа 243 кандидат ұсынылып, олардың ішінен мәслихатқа 202 кандидат тіркелді. Дауыс берушілер саны 67,4 пайызды құрады.
Сайлау облысымыздың үш ауданында, атап айтқанда Арал, Сырдария, Шиелі  ауданында және Қызылорда қаласында  өтті. Дауыс беруге сайлаушылар тізіміне енгізілген 15704 сайлаушының 11971 қатысты. Сайлау қорытындысы бойынша Арал аудандық мәслихат депутатына Талғат Мырзағұлұлы, Сырдария  аудандық мәслихатына Сейткамал Абзалұлы, Шиелі аудандық мәслихатына Мұханбетжан Бекмырзаұлы, Қызылорда қалалық мәслихатына
Мұса Жақыпұлы сайланды.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА
28 наурыз 2018 ж. 842 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930