» » "Ұрлап кетуі мүмкін": Із-түссіз жоғалып кеткен бизнесменнің туыстары өз нұсқаларын айтты

"Ұрлап кетуі мүмкін": Із-түссіз жоғалып кеткен бизнесменнің туыстары өз нұсқаларын айтты

  Қызылорда облысында 72 жастағы бизнесменнің жұмбақ жағдайда жоғалып кетуі туралы іс кісі өлтіруге қайта сараланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Күндегі әдеті бойынша таңғы сағат 5:00-де серуендеуге шыққан Тынымбай Баженовтің із-түссіз жоғалып кеткені екі аптадан астам уақыт болған. Әлі ешқандай дерек табылған жоқ. 72 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.
"Бұл оның өлтірілгені туралы дерек бар дегенді білдірмейді. Бұл заңның талабы. Іздестіру шараларының нәтижелері бойынша, егер оны тірі күйінде тапса, онда іс ҚР ҚІЖК талаптарына сәйкес жабылады", - дейді Қызылорда облысы пркурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев.
Ал Тынымбай Баженовтің туыстарының ісдестіру шараларына көңілі толмайды.
Көп нәрсе олар үшін жұмбақ болып отыр. Сондай-ақ, кәсіпкердің жақындарының іске қатысты өз нұсқалары да бар.
"Біз таңертең 5-тен 7-ге дейін осы жерде болған ұялы байланыс операторларының биллингіне өтініш бердік. Бірақ судья одан бас тартты. Әлі күнге дейін бас тарту себебі белгісіз. Ойымызшы, жол көлік апаты болуы мүмкін, содан кейін оны көлікке мінгізіп, алып кеткен. Екінші болжам - ұрлауы мүмкін", - деді жоғалып кеткен бизнесменнің қызы Ғайни Баженова.
27 ақпан 2020 ж. 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031