» Астанада жоғалып кеткен 13 жастағы жеткіншектің денесі кәріз құдығынан табылды

Астанада жоғалып кеткен 13 жастағы жеткіншектің денесі кәріз құдығынан табылды


Астанада 16 ақпанда жоғалып кеткен жеткіншектің денесі үйінің маңындағы қар басып қалған кәріз құдығынан табылды, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

19 ақпанда түнгі сағат 23:40 шамасында еріктілер кәріз құдығынан Бақдәулет Өмірханның денесін тапты. Жеткіншектің денесінде зорлық белгілері болмаған.
«Жеткіншектің қайда екенін және қалай жоғалып кеткенін анықтау үшін полицейлер, әскери қызметкерлер және ТЖ қызметкерлерінен шұғыл-іздестіру топтары құрылды. Сонымен қатар оны іздестіруге еріктілер де қосылды», – делінеді департамент хабарламасында.
Бүгінде жеткіншектің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Еске сала кетсек, 16 ақпанда Астанада Бақдәулет Өмірхан есімді 13 жастағы жеткіншектің жоғалып кеткені туралы желіде ақпарат тараған еді.
---
20 ақпан 2019 ж. 648 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031