Білім ордасының басты тойы
Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы ресми әрі салтанатты түрде тойланады. ЮНЕСКО қамқоршылығымен халықаралық ауықымда кеңінен аталып өтетін әл-Фарабидің мерейтойлық жылы әлемнің 40-тан аса елінен қонақтардың басын қосады. «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығы салтанатты түрде старт алады. Өткен жылы-ақ заманалардың ғұлама ғалымының мерейтойына арналған үлкен дайындықты оның кіндік қаны тамған Қазақ елі бастап кеткен еді. Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, БҰҰ және ЮНЕСКО, ИЫҰ, ТҮРКСОЙ, сонымен қатар басқа да халықаралық ұйымдардың, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, ЖОО ректорлары, ғылыми орталықтар мен ҒЗИ жетекшілері, танымал шетелдік және отандық ғалымдар-фарабитанушылар қатысты.
Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Әл-Фараби мерейтойын атап өтудің басты мақсаты: ғалымның мұрасын зерделеуге жаңа серпін беру, әлем тарихындағы оның рөлін айқындап, есімін ұлттық бренд ретінде ұлықтау. 1150 жылдықты мерекелеу аясында Түркістан облысында әл-Фараби мұрасын қайта жаңғырту және Отырар қаласын туристік кластер ретінде қайта қалпына келтіруге арналған іс-шаралар жүзеге асатын болады. Дамаск қаласындағы әл-Фараби мәдени тарихи орталығы мен музей үйін жетілдіру мәселесі қолға алынады. Сол орталықтың негізінде тәуелсіз Қазақстанның бас консулдығы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филиалы құрылатын болады.
Дүниежүзінде әл-Фарабидің атын иеленіп отырған жалғыз университет – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне де артылатын жүк аз емес. Былтыр университеттің тікелей мұрындық болуымен 2-12 сәуір аралығында 10 күнге созылған VI Халықаралық Фараби оқулары өтті. Шетелдік шығыстанушы ғалымдар Фараби форумын өте жоғары бағалады. Форум барлық деңгейде тіл үйрететін шетелдік мамандарды жинады. Осы ауқымды оқиғаға әзірлік барысында қыркүйек айында қазақстандық арнайы делегация Сирияның Дамаск қаласына іссапармен барды. Аталмыш іссапар Қазақстан Республикасының Ливандағы Елшілігінің және Сирия Республикасының Қазақстандағы құрметті Елшісінің қолдауымен жүзеге асты. Осылайша бұл сапар ұлы бабамызды зиярат етіп, жатқан жеріне Қазақстан тарапының қаржыландыруымен салынған «Әл-Фараби мәдени тарихы орталығы және кесенесі» құрылысының жай-күйімен жақыннан танысып, 2020 жылы ұлы ойшылдың 1150 жылдығын өткізуге дайындық шараларын жалғастырды. Түстен кейін мәртебелі қонақтар әл-Фараби ескерткішіне гүл шоқтарын қояды, содан кейін Студенттер сарайында әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылып, соңы мерекелік концертке ұласады. Мерейтой аясында ұлы ойшылдың еңбектерін аудару, әл-Фараби энциклопедиясын шығару, деректі фильмдер мен кинолар түсіру сынды шаралар қолға алынбақ. Сондай-ақ «әл-Фараби» орталығы ашылды. Орталық әл-Фараби мұрасын зерттеп, ел ішінде және шетелде насихаттаумен айналысады. Ол үшін арнайы сайт та жасалған. Ол фарабитанушылардың пікірсайыс алаңына айналады. Ғалымның өмірі мен еңбегіне арналған зерттеулер қазақ, орыс және ағылшын тілінде жарияланып тұрады.

Үміт Қожахметова,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аға оқытушысы