» » Жұлдыз – жорамал

Жұлдыз – жорамал

  Тоқты
Апта жағымды жаңалықтармен басталады. Алайда кей сәттерде бірнеше  мәселені шешуге мәжбүр боласыз. Ең қиыны соның бәрі бір уақытқа сәйкес келеді. Бірақ істі соңына дейін жеткізсеңіз, жетістіктерге жол ашылады. 
Торпақ
Көңіл көтеруді жақсы көретін жандар өзін көп нәрседен тыяды. Есесіне апта соңында еңбегінің жемісін көреді. Жуық арада іс-сапарға шығасыз, таныстарыңыз да көбейеді. Десе де адамдарға сеніп, бар сырыңызды айта бермеген жөн.
Егіз
Назарыңызды жұмысқа ғана бөліп, қарым-қатынасқа келгенде тұйықталып қалмағаныңыз дұрыс. Жұлдыздар осы аптада уақытты досыңыз бен отбасыңызға арнауға кеңес береді. Жаңа дизайнерлік киім, жиһаз бен техника сатып алатын уақыт келді. Ақшаңызды қажетті дүниеге жаратып, өміріңізді өзгертіңіз. Шығындалу жаңа табыс көзін іздеуге бастама болады.
Шаян:
Өміріңіз жаңа таныспен толықпақ. Жұлдыздар «жұмыс, жұмыс» дей бермей, жеке өмірге де көңіл бөлу керегін  айтады. Жұмыстың ешқайда қашпайтынын ескеріп, отбасылы болуды ойлаңыз. Сондықтан жан-жағыңызға мұқият қараңыз, бәлкім өмірлік серігіңіз қасыңызда жүрген шығар.
      Арыстан                                        
Алға мақсат қою, кез келген істі тез меңгеру сіздің беделіңізді арттырады. Бойыңызда бар қабілетті бұға бермеңіз. Өміріңізді түбегейлі өзгертетін уақыт жетті. Барлық істі аяқтауға уақыт жеткіліксіз көрінеді, алайда артқа шегінуші болмаңыз.
Бикеш
Ойыңызды жинақтап, бір шешімге келер уақыт жетті. Сізге берілген мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Сондай-ақ стиліңіз бен имиджіңізді өзгертіңіз. Қызметіңіз жоғарлап, басқа жаққа қоныс аударасыз. Көп ойлана бермей, бір тоқтамға келіңіз. Өйткені көп ойлану күйзеліске әкеледі.
Таразы
     Асықпай жоспар құрып, жаңа кезеңге салмақты оймен адымдаңыз. Жоспардан таймай жұмыс істеуге дағдыланыңыз. Өмір алма-кезек, сондықтан қиналғандарға көмек қолын созыңыз. Ойлау қабілетіңіз бен ішкі түйсігіңіз ешқашан алдамайды.
Сарышаян:
Сізді түрлі сынақ күтеді. Кез келген істі тек ойланып қолға алған дұрыс. Асығыс шешім шығынға алып келеді. Бірақ бұл тоқтап қалу деген белгі емес. Керісінше алға жылжыған сайын жолыңыз айқындала түседі.
Мерген
    Жоспарыңыз жылдам іске асатынына әбден үйренгенсіз. Бірақ аптада кедергілер болуы мүмкін. Бұл жұмыс осымен тоқтап қалды дегеді білдірмейді. Қиындықты жеңе білген жөн. Сонда ғана ұстанымыңыз айқын болмақ.
Тауешкі
     Сізде қалыпты жағдайдан ауытқитын сәттер жиі кездеседі. Бұл уақыт  тәжірибеңізді шыңдауға, өз-өзіңізді танытуға мүмкіндік береді. Тың нәрсемен танысу үшін жаңа білім көзін іздеуге тура келеді.
Суқұйғыш
Апта түрлі сынақтарға толы болады. Әріптестермен арада түсініспеушілік және қаржы қиындықтар туындайды. Бірақ ашық-жарқын жандар бұл тығырықтан  жол тауып шығады.
Балық
Кейінге шегеріп жүрген істі жүзеге асыратын уақыт келді. Осы сәт сізге қолайлы болмақ. Жақында маңызды кездесуге барасыз, өзіңізді өзге қырыңыздан танытасыз. Әр қадамыңыз сәттілік әкеледі. Жұлдыздар сізден жақсы жаңалық күтеді. Айналаңызда жүрген адамдардың жұмысына көңіліңіз толмайды. Десе де қол астыңыздағы қызметкерлеріңіздің жұмысына оң баға беретін сәт келді. Жұлдыздар мұқият шешім қабылдауға кеңес береді.
03 наурыз 2020 ж. 681 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031