» » Таңғажайып жұлдыз – жорамал

Таңғажайып жұлдыз – жорамал

  (17-23 мамыр)
   ТОҚТЫ
Ата-анаңыздың қасында болыңыз. Олардың көңілін аулап, сый-сияпат жасаңыз. Аптада жол сапарға шығасыз. Сондықтан уақыт үнемдеңіз және үлкеннің ақылына құлақ асыңыз.
   ТОРПАҚ
Өміріңізді өзгеріске әкелетін ұсыныс түседі. Бойыңыздағы көшбасшылық қасиетті пайдаланар уақыт келді.
        ЕГІЗ
Досыңыз жақсы жаңалықпен бөліседі.  Ол сіздің өміріңізді өзгертеді. Апта соңында саяхатқа шығуыңыз ғажап емес.
        ШАЯН
Кездескен қиындықты оңай өткересіз. Тіпті одан сабақ аласыз, нәтижесінде көп тәжірибе жинайсыз. Беделіңіз артады. Дәл қазір қаржыға байланысты қиындықты шешетін уақыт.
       АРЫСТАН
Өмір төзімділік пен жинақылықты талап етеді. Салқынқанды мінез танытсаңыз, табысқа қол жеткізесіз. Егер бір рет болсын эмоцияға ерік берсеңіз, ұзақ жылдар бойы құрастырған дүниеден айырыласыз. Білім алып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіңіз.
        БИКЕШ
        Табандылық танытсаңыз ғана, белгілі бір нәтижеге қол жеткізесіз. Аптаның алғашқы бөлігінде ұйқыңыз қанық, ойыңыз сергек болады. Бастаған істі соңына дейін жеткізесіз.
       ТАРАЗЫ
Апта ішкі «әлеміңізді» байытуға қолайлы болмақ. Қарым-қатынас шеңбері кеңейіп, досыңыз іскерлігіңізге тәнті болады. «Оқу-білім кітапта» деген, көбірек оқып, біліміңізді тереңдету жолын қарастырған жөн.
       САРЫШАЯН
Жұлдыздар адамдармен көп танысуға кеңес береді. Осылайша өзіңізге жақын жанды жолықтырасыз. Бір нәрсені түсінбесеңіз, сұрауға қысылмаңыз.
МЕРГЕН
Жұлдыздар аптаның өте жақсы өтетінін айтады. Үй шаруасына көңіл бөлген дұрыс. Қаржы мәселесінде қиындықтар туындайды. Сондықтан көп ақшаны шығындамаңыз.
       ТАУЕШКІ
Бастаған ісіңізде жетістікке жетесіз. Бақытты кезеңді отбасыңызбен өткізіңіз. Ең бастысы, салмақтылық пен сабырлылық танытыңыз.
       СУҚҰЙҒЫШ
Сізге көбірек демалу керек. Қыруар шаруа жасаймын деп, сәтсіздікке ұшырап қалмаңыз. Апта басында жұлдыздар белсенді болмауға кеңес береді.
      БАЛЫҚ
Құлағыңызды жағымды жаңалыққа түре жүріңіз. Ұзақ уақыт бойы мазалаған шаруа оң шешіліп, жақсы көңіл-күй сыйлайды.
17 мамыр 2018 ж. 1 371 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031