» » Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы рейтінгісінде Қызылорда облысы І-ші орында

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы рейтінгісінде Қызылорда облысы І-ші орында

  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жүргізілген республикалық қоғамдық мониторинг рейтінгісі бойынша Қызылорда облысы ең жоғары балл иеленді.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында айтылды.
Жиын барысында департаменттің басқарма басшысы Ғалымжан Ілкібаев мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген республикалық қоғамдық мониторинг нәтижелерімен таныстырды.
Мониторингпен 65 мемлекеттік көрсетілетін қызмет қамтылған. Қызметтердің 38 орталық мемлекеттік органдарға, 2 мемлекеттік корпорацияға және 25 жергілікті атқарушы органдарға тиесілі. Олардың ішінде, жедел жәрдем шақыру, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, елді мекен шегінде объекті салуға жер учаскесін беру сияқты көп сұранысқа ие қызметтер бар.
"Қоғамдық мониторингке 17 аймақтан 14 мыңнан аса респондент қатысқан. Олардың жауаптары мен бағалары қызметтердің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін айқындаған.
Осылайша, 65 қызметтің сапасын бағалаудың республика бойынша орташа балы 4,73 тең болып, қанағаттану деңгейі – 74,8% құраған.
Ал, өңірлер бөлінісінде Қызылорда облысының көрсеткіші 4,87 баллды құраған. Бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Одан кейінгі позицияларға Ақмола (4,80), Шығыс Қазақстан (4,80) және Солтүстік Қазақстан (4,80) облыстары тұрақтаған", - деді Ғалымжан Ілкібаев.
ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
03 наурыз 2020 ж. 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031