» » Қымбат уақыты мен қаржысын шығындап жүргендер көп

Қымбат уақыты мен қаржысын шығындап жүргендер көп

  Адам дүниеге келгеннен бастап тығыз байланыста болатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселесі Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібінде талқыланды.
Қоғамдық кеңес отырысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасарлары, аудандағы мемлекеттік қызметтер көрсететін мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.
Қоғамдық кеңесте ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ғалымжан Ілкібаев аудандағы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына және қолжетімділігіне жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысын баяндады.
"Қармақшы ауданында электронды қызметтерді көрсету үлесі 93,5 пайызды құрап отыр. Яғни, бұл бағыттағы жұмыстардың өз деңгейінде жүргізіліп жатқаны байқалады.
Алайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарының сақталуы бойынша бақылау іс-шараларының қорытындыларымен 2018 жылы 40 бұзушылық анықталса, 2019 жылы 6506 бұзушылық анықталған. Бұл бұзушылықтар Қармақшы аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінде және аудандық жұмыспен қамту орталығында орын алған", - деді Ғ.Ілкібаев.
Өз кезегінде ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрман Талқанбаев орын алған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау мақсатында тиісті шешімдер қабылдап, электронды форматта қызмет алуды насихаттау шараларын күшейту керектігін айтты.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауында 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызын электронды форматқа көшіруді тапсырды.
Қазіргі күні, азаматтардың үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуына көп жағдай жасалған. Дегенмен, әлі де халыққа қызмет көрсету орталықтарының табалдырығын тоздырып, өзінің қымбат уақыты мен қаржысын шығындап жүргендер көп.
Қармақшы ауданында да электрондық қызметтердің үлесін арттыру бойынша тиісті шараларды қабылдау қажет. Барлық мемлекеттік органдар мен мүдделі мекемелерді халыққа көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуде бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын", - деді Н. Талқанбаев.
Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі мерзімінде көрсетіп, қағаз түрінде көрсетілетін қызметтердің үлесін азайту жұмыстарын тұрақты түрде бақылауларына алатын болды.
26 ақпан 2020 ж. 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031