БАЛАБАҚШАДА МӘНЕРЛЕП ОҚУ САЙЫСЫ ӨТТІ
«Нұр-әлемі» балабақшасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына арналған мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Мақсат – ұлттың ұлы ақыны Абай атамыздың мұрасын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау. Сондай-ақ талабы мен таланты, бағы мен бабы қатар жүретін дарынды балалардың мәдени кеңістігін қалыптастыру, адамгершілікке, азаматтық патриоттыққа баулу және тәрбиелеу. Өнерін сынау арқылы үлкен сахнаға шығуына жол ашу.
Аталмыш шараға төрт және алты жастағы балалар қатысты. Байқаудың шарты: 3 минутта Абай шығармаларынан үзінді оқу болатын. Сондай-ақ, сайыста әділ-қазылар алқасы өлеңнің дұрыс таңдалуы, орындау шеберлігі, сахнада өзін ұстауы, дауыс ырғағына мән берді. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дипломмен марапаттады. Тәлімгерлер алдағы уақытта жас бүлдіршіндердің арасында танымдық кештерді өткізуді жоспарлауда.