» » «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбей....»

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбей....»

   Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Абай Құнанбаевтың өнегелі өмірімен, өлеңдерін, рухани асыл мұраларын насихаттау мақсатында, әскери қызметшілермен азаматтық персоналдардың қатысуымен Қазақтың бас ақыны - Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбей....» атты мәнерлеп оқудан сайыс өтті.
Сайыс барысында қатысушылар III - кезең бойынша бақ сынаcты. Алғашқы кезеңде сайыскерлеріміз Абай атамыздың өлеңдерін жатқа оқып жарысса, II - кезеңде Абай әлемі арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығынан экранда көрсетілген ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беріп, соңғы кезеңде "Абай - дана, Абай - дара қазақта" тақырыбы бойынша өлең өрнектеген жас ақындарымыз өз дарындылығын көрсетіп, Абай атамызға өз шығармашылығынан өлең арнады.
Нәтижесінде "Бас жүлде" иегері Кадрлар саптық бөлімшесі инспекторы Шыныбекова Самал Нұрбекқызы, I - дәрежелі орынмен Заң қызметі бастығының орынбасары Ысмайылов Айдос Қуанышбекұлы, II - дәрежелі орынмен Жұмылдыру басқармасының жұмылдыруды жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары Жұмағұлов Нұрлан Сламбекұлы, III - дәрежелі орынмен Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпарат қауіпсіздігі қызметі, арнайы байланыс бөлімшесінің аға маманы Жұматов Қанат Жанарысұлы марапатталды.
20 қаңтар 2020 ж. 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031