Қазақстандық ғалым күтпеген мәлімдеме жасады
Профессор Рахман Алшанов күтпеген мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Жер бетіндегі тіршілік Тұран даласында пайда болған, - деп хабарлайды 24.kz.
Профессор "Авеста" кітабын зерттей келе, жердегі тіршілік атаулы Тұраннан тараған деген тоқтамға келгенін айтады.
Рахман Алшановтың сөзінше, "Авеста" - діни кітап қана емес, апат тарихы хронологиялық тәртіппен жазылған ғылыми еңбек. Сондықтан осы еңбекті негізге ала отырып, "Жиырмасыншы мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар" атты өз еңбегін жарыққа шығарды.
"4, 5, 6 мың жыл бұрын болған оқиға "Авестада" жазылған екен. Соның барлығы біздің жерде болған. "Авестаны" жазған адамның өзі Орал теңізінің жағасында өскен, яғни солтүстік Тұранда туып-өскен", - дейді Рахман Алшанов.
Оның айтуынша, Жер планетасына құлаған алғашқы астероидтардың іздері Қазақстан аумағынан табылған. Ғалымдар төрт бірдей ірі кратерді анықтапты. Олар Ақтөбе түбінде, Балқаш көлі мен Арал теңізі маңынан анықталған.