» » Құнды жәдігермен танысты

Құнды жәдігермен танысты

 
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы қызметкерлері ұлы ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбындағы жылжымалы көрмемен танысты.
Қазақстанның барлық аймағына атбасын тіреуді көздеген көрме Сыр елінде С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясынан орналасты.
Аталған көрме ұлы ақын туралы мол мағлұматтар жинақталған «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейімен» ұсынылды.
Департамент пен филиал қызметкерлері Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи құжаттармен, архивтік деректермен, құнды қолжазбалармен, Абай оқыған Ахмет-Риза мешіт-медресесінің араб, түрік, парсы, шағатай тілдеріндегі кітаптарымен, этнографиялық бұйымдармен танысты. «Ұлы ақынның ұлағатты өмірінен сыр шертетін, рухани нәр беретін жәдігерлермен танысу, әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмысына тың серпін әкелетініне сенімдімін. Сол себепті сырбойылық барлық мемлекеттік қызметшілерді көрмемен танысуға шақырамын», – деді департамент басшысы Нұрман Талқанбаев.
Айғаным ҚҰРМАШЕВА,
ҚМУ-дың ІV курс студенті
02 наурыз 2020 ж. 348 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031