» » Абай туралы тың деректер легі тағы да толықты

Абай туралы тың деректер легі тағы да толықты

Семейде Абай туралы естеліктері бар ескі кітаптар мен мақалалардың көшірмесі таныстырылды. Олардың барлығы да татар тілінде екен. Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің қызметкерлері Қазан қаласына сапарлары кезінде ала келіпті. Н.И.Лобачавский атындағы Қазан мемлекеттік университетінің архивінен ақын шығармашылығына байланысты көптеген құнды дүниелер табылған.
 «Вакыт» газетіндегі Абай туралы мақала араб тілінің каллиграфиясымен жазылған,-деді музейдің ғылыми хатшысы Шынар Мұратқызы,-әзірше мақала мағынасы зерттелген жоқ. Мамандар бұл мақала шамамен 1908 жылы жазылған деп отыр. Сондай-ақ татар тіліндегі Абай шығармалары да бар екен, Кеңес заманындағы газеттерден табылды.
Және музей қызметкерлері «Кедей мұсылмандарды қамқорлыққа алу туралы басқарма есебі» деген құжатты да тауып алыпты. Бұл 1900 жылы шыққан. Басқарма 1898 жылы ұйымдастырылып, құрамына  10 құрметті мүше, 26 құрылтайшы кірген. Жиналған қаржы қаладағы жағдайы жоқ мұсылман отбасыларына берілген. Мүшелерінің ішінде Әнияр Молдабаевтың да фамилиясы тұр екен. Бұл кісі Абайдың тәрбиесінде болған адам. Шынар Мұратқызының айтуынша, барлық табылған дүниелер Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылатын көрмеге қойылып, жұрт назарына ұсынылатын болады.
Раушан НҰҒМАНБЕК,               
«Еgemen Qazaqstan»
30 маусым 2019 ж. 694 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031