Абай дана, Абай дара қазақта!
Биыл ұлы тұлға-Абай Құнанбайұлының туылғанына 175жыл толып отыр. Осы мерейтойға орай еліміздің түкпір-түкпірінде көптеген іс-шаралар өтуде. Осыған орай Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі А.С. Пушкин атындағы қалалық орталық кітапханамен бірлесе отырып, қалалық колледждер арасында желтоқсан айының 20сы күні «Абай дана, Абай дара қазақта» атты іс-шара өтті. Бұл іс-шараға қаламыздағы бірнеше колледждер қатысып,Абай өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталды.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаев «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген екен.
Шынында да, Абай қазақтың атын әлемге танытқан, артына өшпес мұра қалдырған, дана әрі дара, ұлы тұлға. Абай Құнанбайұлы –дүние жүзіне танымал, әлемдік деңгейдегі ақын. Ұлы ағартушы, ақын, сазгер Абай өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті.
Абайдың әрбір сөзі даналыққа толы. Кез-келген адам Абайдың өлеңі мен нақыл сөздерін оқығанда «Шіркін, мен де сондай болсам ғой!»-деп армандайтыны шындық. Абай қазақтың өлеңінің ұлы атасы, өмірдің өріне өрлей қадам басқан ақын, мыңмен жалғыз алысып, талай мен таласқан ұлты-қазақ, аты-Адам. Ол асқақ рухтың өзегі бола білген. Әр сөзі-өмірдің өрнегі, тіршіліктің тынысы бола білді. Кейінгі жас ұрпақ өнегелі сөздермен нәр алып,тәлім алып, өсе берсін демекшімін. Абайдың сөзін қоспай ешкім де, ешнәрсе де айта алмайды. Бұл, әрине мәңгілік өлмейтіндігінің дәлелі. Ол –біздің әрқашан ұлттық ұранымыз. Ол арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз деп Елбасымыздың сөзімен қорытындылап, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді!
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге!
Болашақ ұрпақтың бойына адалдық пен адамдықты сіңіре білген Абайдай ұлы тұлғамыз мәңгі біздің жүрегімізде сақталады!
Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінің арнайы пән оқытушылары:
Рахымжан А.Б. Абдукаримова Г.А.