» » Түйе шаруашылығы дамиды

Түйе шаруашылығы дамиды

   
Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов өңірдегі бизнес-қауымдастық алдында берген есебінде айтты.
«Мұнай өндірісінің азаюы аймақ кәсіпкерлерін дәстүрлі ауыл шаруашылығы саласына қаражат салуға әкелуде. Қызылорда облысының климаты бақша дақылдары, жеміс-жидек пен жылыжайға қолайлы аймақ. Дақыл егуге дария бойындағы суармалы тәсілді пайдаланса, аяқ судан шалғай аумақтарда жер асты суын пайдалануға толық мүмкіндік бар. Биылғы жылы Палата тарапынан пилоттық негізде қолда бар өнімдерді консервілеу шағын цехтарын, өнімдерді бірлесіп өткізу сервистік дайындау ұйымдары мен қабылдау пунктерін жетілдіретін боламыз», – деді есептік кездесуде Палата директоры.
Палата басшысының айтуынша, облыста қазірдің өзінде түйе сүтіне деген сұраныс артып отыр. Оған басты себеп – сүт қабылдау пункттерінің ашылып, түйе сүтінің тұрақты қабылдануында екен. Ендігі жерде түйесі бар шаруалар басын көбейтуге көшсе, өзгелері сатып алып жатқан көрінеді. Бұған дейін литріне 700-800 теңге болған түйе сүті енді көтерме бағада 1000 теңгеден алынып жатыр. Бұған дейін бір сауын түйе 550 мың теңге болса, ендігі жерде 1 млн.теңгеге дейін көтерілген.
Ірі қара терісін шетелге экспорттау тыйымы алып тасталды. Индустрия министрлігінің теріні экспортқа шығаруды 2019 жылы 6 айға шектеу қоюы, осы кәсіпте жүрген қанша адамның бизнесін тоқтатқан. Ал мал сою пункттерінде, аулаларда сойылған терілер қоқысқа тасталып, қолайсыз жағдайлар тудырған. Жыл соңында мемлекеттік орган шектеуді 5 жылға созуды жоспарлаған екен. Аталмыш мәселе Министрлікке «Атамекеннің» Орталық аппаратына дейін көтеріліп, шектеу жыл соңында алынып тасталды.
Өңірде мал жаюға және шөп шабуға жер учаскелерінің жетіспеушілігі мал басын одан әрі көбейтуге кедергі келтірді дейді Палата басшысы. Атаулы проблеманы шешу барысында Палата мамандарымен «Орман кодексіне» сай облыс кәсіпкерлеріне мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн 10 жылдық мерзімге пайдалануға беру тетігі анықталып, облыс басшысының көмегімен орман қоры жерлерін ұзақ мерзімге арендаға алу мәселесі шешілген. Нәтижесінде 110 азаматқа 55 мың гектарға жуық орман қоры жерлері мал жаю және шөп оруға келісім-шарт негізінде табысталған.
Айғаным ҚҰРМАШЕВА,
ҚМУ-дың ІV курс студенті
04 наурыз 2020 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31