» » Оқушылардың мектепте смартфон пайдалануына тыйым салынады

Оқушылардың мектепте смартфон пайдалануына тыйым салынады

  Елімізде мектепте оқу кезінде смартфондарды, планшеттерді пайдалануға тыйым салу енгізілуі мүмкін. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Сенат депутатының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Білім беру ұйымдарында түрлі гаджеттерді (смартфондарды, планшеттерді және т.б.) пайдалануға тыйым салуды енгізу мүмкіндігі туралы мәселені пысықтау бүгінгі күні осындай шараларды іске асыру үшін құқықтық жағдайлар іс жүзінде бар екенін (8 өңірде кәдімгі кнопкалы телефондар пайдаланылады) көрсетті. Сонымен қатар, білім беру саласындағы қолданыстағы заңнама бойынша білім алушылар мен олардың ата-аналарының смартфондарды пайдалануына тыйым салуды жалпы білім беретін мектептерде оқу орнының ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер, білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелері және білім беру қызметін көрсету шарттары аясында реттеу жоспарлануда», – деп атап өтеді Асқар Мамин.
Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысының атына жолдаған сауалдарында ұлттық ақпараттық кеңістіктің үйлесімді дамуын қамтамасыз ету және ақпараттық ортада балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар кешенін іске асыру жөнінде мәселе көтерген болатын.


06 наурыз 2020 ж. 428 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031