» » Қызылордада партиялық тыңдау өтті

Қызылордада партиялық тыңдау өтті

  Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен партиялық тыңдау өтті.
Атап өту керек «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының жұмыс жоспарына сәйкес былтырғы жылы «Индустриалды даму» бағыты бойынша кезең-кезеңімен Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдерінің жұмыстары тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілген болатын. Аталған жиында сол хаттамалық тапсырмалардың нақты орындалуы қаралды.
Атап өту керек, 2019 жылдың қорытындысымен жалпы экономикалық дамудың 7 көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы үздік 8 облыстың қатарына кірді.
«Облыс экономикасына 400 млрд.теңгеден астам инвестиция салынды, өсім кәсіпорындардың негізгі капиталға салымдарынан және инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуымен байланысты болды. Өндеу өнеркәсібі саласында да өсім 101,3 пайызды құрады, өсім негізінен тамақ өнеркәсібі 4,3%, жеңіл өнеркәсібі 34,0%, құрылыс материалдары 13,7%, машина жасау 15,8% өскен. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жетілдіре түсу қажет»,- деді облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
Жиында патияның сайлауалды бағдарламасындағы «Индустриалды даму» бағыты бойынша атқарылған жұмыстарды жан-жақты талдап, анықталған кемшіліктерге сәйкес аймақ басшысы қала, аудан әкімдерінің жауабын тыңдады.
Сонымен қатар, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жұмыстарды жалғастыру, нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында сапалы және уақытылы есептіліктердің берілуін қамтамасыз ету, индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы өңірлік картасына кемінде 2 жобадан енгізілуін қамтамасыз етуді, индустриялық аймақтардағы бос жер телімдеріне жаңа жобалар орналастыруды ұйымдастыруды нықтап тапсырды.
06 наурыз 2020 ж. 381 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031