» » Жаңа төраға Сырдарияда

Жаңа төраға Сырдарияда


   
Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan Жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаевтың келесі бағыты Сырдария ауданы болды. Алдымен аудан басшысы Р.Рүстемұлының қабылдауында болып, жастар саясатына қатысты мәселелермен пікірлесті. Мұнан кейін Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының жұмыс барысына көз жеткізді. Ауданда жастар мәселелеріне қатысты атқарылып жатқан жұмыспен ете танысқан соң, кент мәдениет үйінде аудан жастарымен кездесті.
Жастармен өткен кездесуге облыстық жастар саясаты мәселері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов, аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев, «Абзал и К» ТС-нің төрағасы, Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan Жастар қанатының орталық кеңесінің мүшесі Мағжан Ералиев, Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan Жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес, аудан жастары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan Жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев мемлекет тарапынан жастарға әрдайым қолдаудың жасалатынын айтты. Әсіресе, еліміздің болашағы жастарды жан-жақты демеуде Елбасы мен Мемлекет басшысының өзі үлкен көңіл бөлетінін атап өтті.
Айғаным ҚҰРМАШЕВА,
ҚМУ-дың ІV курс студенті
04 наурыз 2020 ж. 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930