» » Қызылорда тәулігіне 10 мың масканы кімге жібереді?

Қызылорда тәулігіне 10 мың масканы кімге жібереді?

     
Қазақстанда медициналық масканың жетіспеуі салдарынан қызылордалық «Далатекс» ЖШС-і маска шығаруды қолға алды. Бұл туралы компания басшысы, Өңірлік кеңес төрағасы Ділмұхамед Абызов хабарлады.
Кәсіпкердің  айтуынша, компания тәулігіне 10 мың дана маска шығаруда. Өнімнің басым бөлігі Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларына жіберіліп жатыр.
Айта кету керек, коронавирус салдарынан тауар жеткізілімдері тізбегінің үзілуі және ҚР-дың негізгі экспорттық позицияларына әлемдік бағалардың айтарлықтай төмендеуіне байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнеске түсетін теріс әсерді төмендету мақсатында Жедел штаб құру туралы хабарлайды
Жедел штабтың міндеттері:
-бизнеске келтірілуі мүмкін тәуекелдерді және ағымдағы экономикалық ситуациядағы теріс салдарды бағалау: импорттық шикізат, жабдық және қосалқы бөлшектерді сатып алудағы проблемалар; қаржыға қолжетімділік (қаражат айналымы, валюталық заем, қайта қаржыландыру қажеттілігі және т.б.);
– бизнестен алынған мәліметтерді күнделікті негізде жүйелеу және өңдеу;
– бизнестің дамуына мүмкіндіктерді анықтау (өткізу нарықтары, қолдау шаралары);  
– бизнестен алынған мәліметтер негізінде Үкіметке ұсынымдар әзірлеу.
Бизнес өкілдерімен кері байланыс ҰКП-ның call-орталығы арқылы (қысқа нөмір: 1432) іске асырылады. Мына сілтемеде қысқаша сауалнаманы тауып, негізгі сұрақтарға жауап беруге, сұрақтар қойып, ұсыныстар қалдыруға болады.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнес-қоғамдастықты орын алған мәселелер бойынша жедел кері байланыс орнатуға, ұсыныстар беруге, сондай-ақ жеке бизнеске ықтимал болған тәуекелдер мен мүмкін болатын салдар туралы хабарлауға шақырады.
12 наурыз 2020 ж. 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031