» » «DALATEX» ОҚУШЫЛАРҒАКӨЙЛЕК СЫЙЛАДЫ

«DALATEX» ОҚУШЫЛАРҒАКӨЙЛЕК СЫЙЛАДЫ


         Елбасының мақаласынан кейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Атамекенім» акциясына қызылордалық кәсіпкерлер де үн қосуда.
  Кәсіпкерлер палатасына аймақ тұрғындарынан қайырымдылық көмек көрсету жөнінде көптеген хат түседі. Палата кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсететін ұйым. Дегенмен, мұндай өтініштерге қатысты мүмкіндігіне қарай көмектесуге тырысады. Осындай өтініштердің бірі жақында қаладағы №144 мектебінен түсті. Мектеп басшылығының айтуынша білім беру ұйымында 200-ге жуық әлеуметтік аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі балалар оқиды екен. Мектеп басшылығы осы балаларға қандай болса да көмек көрсетілуін сұраған екен. Өтінішке қаламыздағы "DALATEX" ЖШС-нің басшысы Ділмұхамед Абизов көмек көрсетуге әзір екенін білдіріп, аталмыш мектеп оқушыларына 185 қыз және ер балаға арналған арнайы жейде тігіп берді.
    Компанияның менеджері Гүлмира Рамазанқызының айтуынша «Dalatex» ЖШС-і құрылғанына 2 жылдай уақыт болса да қайырымдылық шараларына белсенді қатысып келеді.
    – Компания басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қайырымдылық шараларына белсенді қатысады. Соның ішінде осы №144 мектепке арналған шарада көмек ретінде 185 балаға жейде әкелдік, – дейді  компания  менеджері.
    Айта кетейік, «DALATEX» ЖШС Сыр өңірінде ерлер жейдесін тігумен айналысатын отандық компания. Фабрикада барлық технологиялық процеске қажетті заманауи озық жабдық қойылған. Қазіргі таңда фабрикада күніне 500 көйлек тігіледі. Онда  40 жұмысшы еңбек етеді. Сатып алушыларға ыңғайлы болу үшін еліміздің өзге де өңірлерінен сауда қоймаларын ашу жоспарланған. Бүгінде кәсіпкер ресейлік әріптестермен ынтымақтастық орнатып келеді.
25 қаңтар 2018 ж. 826 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031