» » «Алтын белгі» иегеріне қандай басымдық беріледі?

«Алтын белгі» иегеріне қандай басымдық беріледі?

 Оқу грантын алуда «Алтын белгі» иегері тек бір ғана басымдыққа ие болады. Бұл туралы Мәжілісте тілшілерге ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Бүгінгі заң жобасында қарастырылған мәселе «Алтын белгі» иегерлеріне қатысты. Өздеріңіз білесіздер, бұл мәселе көптен бері талқыланды. Өткен жылдарда «Алтын белгі» иегерлері грантты алғанда, оның толық басымдылыққа ие еді. Алған ұпайына қарамастан, оларда гранттың иегері атануға мүмкіндіктері болды. Өткен жылы ҰБТ-ның жаңа форматын енгіздік. Осыған сәйкес, аттестатты алу мектеп қабырғасында өтеді, сонымен қатар «Алтын белгіні» де мектеп өзі береді. Яғни, бұл шаралар мектепте тапсырылған емтиханға байланысты. Ал Ұлттық бірыңғай тестілеу бүгінде жаңа функцияға ие. ҰБТ тек қана жоғары оқу орнына түсу үшін жүзеге асырылады. Түлек ЖОО-ға ҰБТ-ны тапсырғанда оның «Алтын белгісі» қолында болады. Енді биылғы ұсыныс аясында «Алтын белгі» иегерлері балл ұпайлары тең болған жағдайда ғана басымдық беріледі», – деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.
Осы орайда екі түлек бір мамандыққа бірдей ұпаймен барса, ол кезде грант «Алтын белгі» иегеріне беріледі.
17 сәуір 2018 ж. 1 629 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031