» » Бүгіннен бастап жұма намазы мешіттің сыртында оқылады, уағыз айтылмайды

Бүгіннен бастап жұма намазы мешіттің сыртында оқылады, уағыз айтылмайды

 
Коронавирустен сақтану мақсатында ҚМДБ жұма намазына қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Күн санап өршіп бара жатқан дертті Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы пандемия деп жариялаған соң, Қазақстанда да оған қарсы шаралар бұрынғыдан да күшейтіледі.
Бүгінде әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирус көптеген елдерге тарап үлгерді. Вирусты жұқтырған адам саны артуда. Бұл дерт бізді де алаңдатып отыр.
Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғаттағы зәрулік үкімін негізге ала отырып, коронавирустың жамағат арасында таралуының алдын алу шарасы ретінде жұма намазына байланысты мәлімдейді:
Жұма намазынан алдын айтылатын 30 минуттық уағыз 20.03.2020 жылдан бастап уақытша тоқтатылады;
Намаз уақыты кіре сала азан айтылады, 4 ракағат сүннет өтеліп, жұма намазының 2 ракағат парызы қысқа сүремен оқылады;
Жұма намазының парызынан кейін оқылатын 4 рәкағат сүннетті үйде оқуға кеңес береміз;
Намаздан кейін тәсбих тартылмайды, Құран оқылмайды, имам қысқа дұға жасайды;
Намаздан кейін жамағат қол беріп, «Жұма қабыл болсын» деп амандаспайды;
Мешітке бетперде (маска) киіп келу;
Намаздан кейін көп кідірмей мешіттен шығу;
Жұма намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
Жұма намазға денсаулығы жарамайтын қариялар, науқастар мен әйелдердің қатыспағаны абзал;
Ауа райы қолайлы аймақтарда жұма намазын мешіт ауласында оқуға рұқсат.
Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Бұл мәлімдеме бүгіннен бастап, яғни 13 наурызынан бастап күшіне енеді.
"Айқын" газеті
 
13 наурыз 2020 ж. 651 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031