» » Президент тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жол картасы әзірленеді

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жол картасы әзірленеді

   
 Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев Президенттің Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия жиынында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі қалалық жедел штабтың отырысын өткізді.
Шаһар басшысы Бақытжан Әбдірұлы барлық міндеттерді бөліп, оларды орындау бойынша нақты тапсырмалар берді.
Ең маңыздысы – қаланың карантиндік аймағын толығымен қоршауға алу және Алматыға кез келген тәсілмен кіріп-шығу мүмкіндігін болдырмау.
«Қалаға заңсыз кіруге немесе қаладан заңсыз шығып кетуге тырысқан жандарға карантиннің ортақ игілігіміз үшін енгізілгенін жеткізе түсіндіру керек. Адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау маңызды болып тұр. Ол үшін коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуіміз керек. Біз Еуропа елдерінде орын алған кідірістің салдарынан қауіпті вирустың пандемиясы таралғанын білеміз. Осыдан қорытынды шығарып, оның алдын алу бойынша әрекет етудеміз», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
Мемлекет басшысы тапсырған іс-шаралардың ішінде карантинге жатқызылған адамдардың карантин талабын бұзғаны үшін жаза қолдану тиістігі айтылған. Бұдан өзге қоғамдық кеңістікті патрульдеу, жарық қою және бейнебақылаумен жабдықтау бойынша шаралар күшейтіледі.
Халық жүретін қоғамдық нысандарда санитарлық өңдеу жұмыстары жүргізіле береді. Барлық ХҚКО уақытша жабылады. Қала кеңістігін дезинфекциялау үшін коммуналдық техника қайта жабдықталады.
Түрлі қатынас жолдары арқылы шет елден, соның ішінде ЕАЭО елдерінен келетін барлық жолаушыларды оқшаулау бойынша жұмыстар жалғаса береді. Медициналық мекемелердің жұмыс тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Кәсіпкерлер мен азаматтар үшін блок-бекеттерден өту тәртібі мен ережелері туралы жадынамалар әзірленді.
Сондай-ақ, жастардың жасампаздығын қамтамасыз ету бойынша онлайн тәртіпте түрлі жарыстар мен дәрістер өткізіледі. Бұдан бөлек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде еңбекақыдан айырылған адамдарға 1 АӘК (42 500 теңге) көлемінде айлық төлем жүргізу мәселесі пысықталмақ.
Көпбалалы отбасыларға, мүгедектер мен халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін азық-түлік пен тұрмыстық жиынтық таратылмақ.
Әр тапсырма бойынша нақты орындау шаралары әзірленетін болады.
"Айқын" ақпарат
23 наурыз 2020 ж. 242 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031