Тоқаев 800 мыңнан астам қазақстандыққа тегін азық-түлік берілетінін айтты
Президент телеарналар арқылы мәлімдеме жасап, елде төтенше жағдай кезінде қолға алынған дағдарысқа қарсы шаралар туралы айтып жатыр
800 мыңнан астам қазақстандыққа тегін азық-түлік беріледі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
"Сонымен қатар тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейеді. Атап айтқанда, мұндай көмекті мүгедектер және жұмыссыз тіркелген азаматтар да иеленеді. Тегін азық-түлік сегіз жүз мыңнан астам адамға беріледі", - деді Тоқаев халыққа үндеуінде.Айта кетсек, мемлекет басшысы телеарналар арқылы мәлімдеме жасап, елде төтенше жағдай кезінде қолға алынған дағдарысқа қарсы шаралар туралы айтты.