» » Дене туыстарына берілмейді: Қазақстанда коронавирус құрбандарын қалай жерлейді

Дене туыстарына берілмейді: Қазақстанда коронавирус құрбандарын қалай жерлейді

  Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған адамдарды жерлеу тәртібі бекітілген жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды NUR.KZ.

Жарлыққа сәйкес, коронавирустан көз жұмған адамның денесі оның туыстарына берілмейді және сойылмайды.
Егер қайтыс болған адамға COVID-19 диагнозы қойылмаса, бірақ вирусқа байланысты күмән болса, денені оның туыстарына бермес бұрын инфекцияға сараптама жасалады.
Сараптама нәтижесі белгілі болғаннан кейін ғана денені туыстарына беру-бермеу жөнінде шешім қабылданады.
Сондай-ақ марқұмның денесі тоңазытқыш камерада алдын ала дезинфекциялық ерітіндімен жуылып, төсек жаймаға оралып сақталуы тиіс.
Қазақтар дәстүр бойынша денені табытқа салмайды. Бұл жағдайда коронавирустан көз жұмған адамның денесін дезинфекциялық ерітінді сіңірілген төсек жаймаға орап, сыртынан полиэтиленді пленкамен қаптайды. Артынан қайтадан тығыз матамен орайды.
Дене жерленетін жерге металл немесе ағаш табытқа салынып жеткізілуі тиіс. Марқұмның денесі жерлеу рәсімі кезінде де табытта болуы қажет.
Жерлеу рәсіміне тек марқұмның туыстары ғана қатыстырылады. Денені бейітке жеткізетін және жерлеу әрекетін жүргізетін 5-7 адамнан тұратын топты санэпидемиялық қызмет мамандары ертіп жүреді.
Жерлеу рәсіміне қатысқан адамдардың барлығы екі апта бойы дәрігерлердің бақылауында болады.
01 сәуір 2020 ж. 638 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031