» » Видео желіде тарап кетті: алматылық блогер не үшін ұсталды

Видео желіде тарап кетті: алматылық блогер не үшін ұсталды

  Ер адам Оралға Ресейден келген. Ол екі апта бойы үйде болуы тиіс еді. Алайда бұл шектеуді орындамаған
Алматылық блогер Оралда карантин режимін бұзғаны үшін ұсталды. Ол достарымен қаладағы дәмханалардың бірінде отырыс жасаған. 
Полиция қызметкерлері видео желіде тараған соң ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция үш адамның карантин режимін бұзғаны туралы ақпарат алған соң жедел-іздестіру шараларын қолға алды.
"Қазіргі уақытта бәрі ұсталды. Әкімшілік кодекстің 476-бабына сәйкес хаттама толтырылды. Сондай-ақ, дәмхана иесіне қатысты да шара қолданылады", - деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.
Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, Алматы қаласының тұрғыны Оралға 31 наурыз күні Ресейден келген. Ол кезде қалада карантин енгізілмеген.
Белгібековтың айтуынша, ер адам 14 күн үйде болуы тиіс еді. Алайда ол бұл шектеуді орындамаған. 
"Жазаны сот анықтайтын болады", – деді Болатбек Белгібеков.


06 сәуір 2020 ж. 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031