Коронавирус: үшеуі – қалада, біреуі – Сырдария ауданында анықталған
Қызылорда облысында бүгін коронавирустық инфекцияға шалдығудың 4 жағдайы анықталды. Олардың үшеуі – Қызылорда қаласынан, біреуі – Сырдария ауданынан екендігі белгілі болды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
«Ауру жұқтырғандардың 3 жағдайы қалада тіркелді, олар науқас адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Ал 1 жағдай Сырдария ауданында тіркелді, ол Нұр-Сұлтан қаласынан келгендігі және ЖРВИ симптомдары бар болуына байланысты провизорлық стационарға бақылауға алынған. Аталған азаматтардың барлығынан ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда», делінген аталған хабарламада.
Сондай-ақ, ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
07.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 54 адам анықталды, Қызылорда қаласында – 9 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 24 жағдай, Сырдария ауданында-1 жағдай.