Путин Қазақстан Президентінің көмекшісін Достық орденімен марапаттады
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бірнеше шетел азаматын марапаттау туралы бұйрыққа қол қойды. Марапатталуы тиіс азаматтар тізімінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі Нұрлан Онжанов Баймолдаұлы мен Сербияның Сыртқы істер министрі Ивица Дачич те бар, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі rosbalt.ru сайтына сілтеме жасап.
«Халықтар арасындағы серіктестік пен достық қарым-қатынасты нығайтуға, ұлттар мәдениетін жақындастыруға атсалысқаны үшін келесі аты аталған азаматтарды Достық орденімен марапаттауды бұйырамын: Сербияның Сыртқы істер министрі, мемлекет басшысының бірінші орынбасары — Дачича Ивицті, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Онжанов Нұрлан Баймолдаұлын», — деп жазылған ресми құжатта.
Мұнымен қатар, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Солтүстік қарауылшылар жасағының құрамында болған Ұлыбритания біріккен корольдігі мен Солтүстік Ирландия азаматы Дэй Джеймас марапатталды.
Онжанов Нұрлан Баймолдаұлы 1960 жылы туған.
1983 жылы Гумбольдт атындағы Берлин университетін бітірген.
1983-1986 жылдары – Алматы педагогикалық шетел тілдері институтында оқытушы.1986-1992 жылдары – Морис Торез атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық шетел тілдері институтында аспирант, зерттеуші-стажер.
1992-1994 жылдары – жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің кеңесшісі.
1994-1996 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Аппараты Халықаралық бөлімінің аға референті.
1996-1997 жылдары – Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігінде бірінші хатшы, кеңесші.
1997-2001 жылдары – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінде кеңесші.
2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің экономикалық саясат департаментінің директоры.
2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасының Майндағы Франкфурт қаласында бас консул.
2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы істері жөніндегі комитетінің төрағасы, «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымының қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы тарапынан ұлттық үйлестіруші.
2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2008-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Дания Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы.
2014 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
«Құрмет» (2006), «Парасат» (2011) ордендерімен және 5 медальмен марапатталған.
Төтенше және Өкілетті Елші дәрежесіне ие.
Филология ғылымдарының кандидаты. Неміс, швед, ағылшын тілдерін меңгерген.
Үйленген, екі баласы бар.