Бетпердені қылмыс жасау үшін пайдаланған (Bидео)
Адамы азайып, көшелері қаңырап тұрған қалада карантин кезінде жападан жалғыз жүрудің өзі қауіпті. Мұндайда қылмыскер бас салса көмекке келер ешкім жоқ. Бетперде мен масканы инфекциядан қорғану үшін емес, арам ойын жүзеге асыру үшін қолданып жүргендер де бар екен. Алматыда бет-аузын тұмшалаған адам 23 жастағы келіншекке ойына келгенін істеп кеткен. Оқиға болғалы бері үш күн өтсе де күдікті әлі ұсталмапты. Арым тапталды деген ақжаулықты қазір көшеге шыққаннан да қорқады.
Қорқынышты оқиға түнгі сағат тоғыздар шамасында осы көпірдің астында басталған. Анасының үйінен өз үйіне асығып бара жатқан Ақтотыдан белгісіз адам қоңырау шалып алу үшін телефон сұрайды.
Телефонының жоқтығын айтып Ақтоты жүрісін жылдамдатып мына жер асты өткелі арқылы үйіне тезірек жетіп алмақшы болады. Алайда өткелден шыға берген кезде жаңағы ұялы телефон сұраған адам Ақтотының мойынынан қылқындырып оны есінен тандырып тастапты.
Осы жерге келген кезде есімді жинадым. Осы жерде бір шыңғырып едім айтты, қазір айқайлайды екенсің тамағымды қысып жұлып алмақшы болды. Сосын қазір айқайласаң мен сені көміп кетем осы жерде, ешкім естімейді деді. Ана жаққа тағы да талдырып тастады.
Жыларман болып әрең сөйлеп тұрған қылмыс құрбанының аты өзгертілген. Қазір далада жалғыз жүре алмайды.
Пікір қалдыру