» » АРНАУЛЫ ӘСКЕРИ ЖИЫНҒА ӘЙЕЛДЕР ШАҚЫРЫЛА МА? 

АРНАУЛЫ ӘСКЕРИ ЖИЫНҒА ӘЙЕЛДЕР ШАҚЫРЫЛА МА? 

  Сурет ғаламтордан алынды ҚР Қарулы Күштері Бас штабы басшысының орынбасары Серік Боранбаев «арнаулы әскери жиынға әйелдер қатыса ала ма?» деген сұраққа жауап берді. Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте спикер: «Бұл жағдайда алда тұрған міндеттерге байланысты әкімдіктер шешім қабылдайды. Менің ойымша, мұнда еш шектеу жоқ. Әкімдіктерге айрықша құзырет пен шешім қабылдау құқығы берілген. Егер сәйкес мамандықтар бойынша қыздар қажет болса, шақыру жібере алады», – деп атап өтті. Оның айтуынша, республика бойынша 473 әскери міндетті арнаулы жиынға шақырылған. Айта кетейік, 2 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлық шығарған еді. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Ақмола облыстарында арнаулы жиын бөлімшелері құрылды. Ақтөбе, Атырау облыстарында әскери міндеттілерді шақыру жалғасуда. 13 сәуір күні – Шымкент қаласы мен Қарағанды облысында, 14 сәуірде – СҚО, 15 сәуірде – Жамбыл, 17 сәуірде Түркістан облысында шақыру басталады. Ал БҚО, ШҚО, Қостанай және Маңғыстау облыстарында арнаулы жиын өткізу мәселесі қарастырылмаған.
10 сәуір 2020 ж. 721 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031