» » Қызылорда: коронавирус тағы 8 адамнан анықталды

Қызылорда: коронавирус тағы 8 адамнан анықталды

  Бейқамдық бәрін ушықтырып тұр. Бүгін аймақта коронавирус инфекциясының жаңадан 8 дерегі тіркелді. Оның 6-уы қала тұрғыны болса, Жаңақорғаннан – 1, Қазалыдан – 1 науқас анықталған.
          Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Абдусаметов тұрғындардың індетке әлі де болса бейқам қарайтынын тілге тиек етті. Себебі облыс орталығынан анықталған науқастар 30 наурыз күні кішігірім отырыста болған. Ал, Жаңақорғандағы жағдай карантиндік бақылаудағы науқастан анықталса, Қазалыда бұл вирусты жұқтырған азамат жолсерік болып қызмет істеген екен. Жалпы инфекция жұқтырғандармен қарым-қатынас жасағандар саны – 1751, оның жақын қарым-қатынас жасағаны – 1009 болса, 42 адам потенциалды байланыста болған.
          Қазіргі таңда инфекциялық ауруханада 128 науқас ем қабылдауда. Тағы 27 адам провизорлық стационарда, ал 445 –сі карантиндік бақылауға алынған. Сонымен бірге өңірге 1-Б категориялы елдерден 17 азамат келген. Оның 4-і стационарда, қалғаны үй жағдайында оқшауланған.
          Осы орайда облыстың бас дәрігері тұрғындардан вирус маған жұға қоймас деген жаңсақ пікірден аулақ болуды, сақтық шарасы тәртіпке бағынып, талапты орындағанда ғана нәтижелі әрі тиімді болатынын атап айтты.

16 сәуір 2020 ж. 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031