Тұмаудың белгілері байқалса, не істеу керек – Қисықова тұрғындарға кеңес берді

Басқарма басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, осы уақытқа дейін №2 емханада 966 адамды коронавирус инфекциясына тексеріп шыққан. 28 адамның сынамасы оң нәтиже көрсеткен.
"Сондықтан респираторлық вирусты инфекция немесе тыныс алу жолдарының ауруы бар адамдардан осы емханаға баруды өтінеміз. Сол жерде тексерістен өтуге болады", - деді Қисықова бүгінгі онлайн брифингте.Оның сөзіне қарағанда, орталық теміржол ауруханасы негізінде құрылған провизорлық станционарға да баруға болады. Ол жерде пульмонологиялық бөлім бар.
Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін қалада 319 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Басым бөлігі – 30-49 жастағылар. 154 адам жазылып шықты.
"Бүгін ауруханадан бір шетел азаматы жазылып шықты. Ол "Стамбұл – Нұр-Сұлтан" рейсінен түсірілген болатын. Қазіргі кезде ауруханаларда 399 науқас ем алып жатыр. Оның 170-сі – коронавирустан емделіп жатқандар. 10 науқастың жағдайы ауыр, үшеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деп атап көрсетті Қисықова.