» » Карантин кезінде баланың туылуына байланысты 30 000 отбасына жәрдемақы рәсімделді

Карантин кезінде баланың туылуына байланысты 30 000 отбасына жәрдемақы рәсімделді

  Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты ХҚО жұмысы уақытша тоқтатылғалы бері 10 мыңнан астам әйел жүктілік және босануына байланысты табысынан айырылу төлемін, 20 мың отбасы баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеген.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бұрын тек ХҚО арқылы көрсетілген қызметтер, оның ішінде жүктілікке байланысты жәрдемақы бойынша өтініштерді порталдағы «Электронды өтініштер» сервисі арқылы қабылдау мүмкіндігін жасады.
Декрет демалысына шыққан жүкті әйелдер egov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Электронды өтініштер» сервисін таңдап, жеке құжаты мен жұмыс істеу қабілетінен айырылу парағының скан көшірмесін және төлем аударылуы тиіс банк шотын қоса жолдауы тиіс.
Енді ғана балалы болған отбасылар үшін egov.kz порталының «Отбасы» – «Бала» бөлімінде баланың туылуына және оның күтіміне байланысты жәрдемақыларды рәсімдеу мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, порталды пайдалану үшін ЭЦҚ болуы шарт. Электронды цифрлық қолтаңбаны бүгінде порталда қашықтан рәсімдеуге болады.
Сондай-ақ Мобильді азаматтар базасында тіркеуі бар жас аналар проактив қызметін пайдалана алады. Ол арқылы баланың тууын тіркеп, тиісті жәрдемақыны рәсімдеп, сәбиді балабақша кезегіне қоюға болады.
17 сәуір 2020 ж. 601 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031