» » Медициналық маскалардың бөлшек саудадағы шекті бағасы белгіленді

Медициналық маскалардың бөлшек саудадағы шекті бағасы белгіленді

  Денсаулық сақтау, Ұлттық экономика, Сауда және интеграция министрлерінің бірлескен бұйрығына сәйкес медициналық маскалардың бөлшек саудадағы шекті бағасы белгіленді, - деп хабарлады облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен.  
17 сәуірдегі мәлімет бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде келесі өндірушілердің үшқабатты, бірреттік медициналық маскалары» бар:
"ПроТек-МП" ЖШС, «MegaPharma» ЖШС, «ТК Фарм Актобе» ЖШС, «Dolce» ЖШС, «Аврора» өндірістік кешені» ЖШС, «Super-pharm» ЖШС, «МАСКА» ААҚ, «Бриз-Кама» ААҚ, Nanjing Joyful Imp./Exp. Co., Ltd., Carestone Medical & Protective Products Co., Ltd., Hubei Kangning Protective Products Co., Ltd.
Бұйрықтың 1-тармағына сәйкес осыларды халыққа бөлшек саудада өткізу кезіндегі шекті баға 118 теңгеден аспауы тиіс.
Өңірдегі дәріханалық ұйымдарда негізінен жергілікті тігін цехтарында тігілген қорғаныш маскалары (бірреттік немесе көпреттік, дәке таңғыш, т.б.) саудаланып жатыр. Қорғаныш маскалары медициналық (медициналық бұйым ретінде мемлекеттік тіркеуден өтпеген) маска боп есептелмейді, сондықтан оларға шекті баға бекітілмеген.
24 наурыз күні облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиналыста дәріханалық ұйымдар тарапынан қорғаныш маскаларына логистикалық және жүк құжаты шығындарын ескерумен 5%-ға дейін үстеме баға қою келісімі жасалды.
20 сәуір 2020 ж. 452 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031